01
сәуір
2022
Тақырыптық оқу қызметі. "Құстар біздің досымыз"
"Құстар біздің досымыз" тақырыптық оқу қызметі құстар күні қарсаңында ересек "Балдырған" тобында өткізілді. Оқу қызметінің мақсаты құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсінік беру.Үш тілді меңгеруге, бүтін және бөліктерді салыстырып, есептер құрастыруға, мүсіндей білуге үйрету. Балаларға сурет арқылы көрсетіп, әңгімелеу. Сенсорлық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын,ой - өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Құстарға қамқор бола білуге, қорғауға, табиғатты сүюге, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Топ тәрбиешісі Отепбергенова Арайлым Рахымовна оқу қызметінің тақырыбын ашып, көрсетілген мақсаттарды орындай алды
