Кеңес беру пункті жұмысы » КГКП "Ясли сад №30". мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Біліи басқармасының
«№30 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 270-62-48
Әдіскер:
+7(727) 271-35-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2022

Кеңес беру пункті жұмысы

Кеңес беру пункті жұмысы


Кеңес беру орталығында ата аналар мен балаларға кеңес беру мақсатында психолог маманы кабинеті және логопед маманы кабинеттері бар. Кеңес беру орны мамандары бекітілген жұмыс кестесі бойынша жұмыс жасайды. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілгендей:


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау және дамыту қажеттілігін мектепке дейінгі білім беру қызметіне балаларды отбасы жағдайында тәрбиелейтін отбасыларға көмек көрсетуде қол жетімділікті нығайту мақсатында   бірқатар жұмыстар жүргізіледі.


2017-2018 оқу жылында   кеңес беру пункті  мамандарымен бірлесе  отырып   жылдық жоспар   құрылып, оқу жылына кеңес беру пункті мамандарының үш отырысы жоспарлы өткізіледі.


Кеңес беру пункті жұмысы төрт бағытты қамтуға арналған:


- Педагогтармен


- Балалармен


- Ата -аналармен


- Осы ауданда тұратын балалар мен ата- аналарға кеңес беру.


Кеңес беру пункті мамандарына «№ 30 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК жақын орналасқан Алмалы  ауданында тұратын отбасылар қамтылды. Тәрбиеші, педагог- психолог, логопед, әдіскер, меңгеруші мамандары тарапынан ата-аналарға балаларды мектепке қалай дайындау керектігі жөнінде «Баланы балабақшаға бейімдеу», «Кел, танысайық!?», «Біз балалармен қалай сөйлесеміз?», «Ата-аналардың өтініші бойынша» т.б.атты тақырыптарында кеңестер беріліп, экспресс-сауалнамалар, тренингтер, тесттер жүргізіліп зерттеледі.


Зерттеу мақсатында:

-Мектепке бармайтын балалар саны;

-Балалардың тұрмыс жағдайын және әлеуметтік психологиялық анамнезі;

-Кеңес беру орны туралы мағлұмат берілді.